Заң пәндері кафедрасындағы таныстыру апталығы туралы

2020 жылдың 1 қыркүйегінен 4 қыркүйегіне дейін 5В030100 – «Құқықтану» мамандығының білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен (ЮР-20-01, ЮРТ-20-01, ЮК-20-01) таныстыру апталығы өтті. Аталған топтардың кураторлары мен эдвайзерлері өз шәкірттерін Еуразия гуманитарлық институтының ішкі тәртіп Ережелерімен, институт Жарғысымен, ЖОО студенттерінің Ар-намыс кодексімен және академиялық адалдық Кодексімен, сондай-ақ кредиттік технология ережелерімен таныстырды. Аталған іс-шаралар студенттер мен оқытушылар үшін жемісті өтті.