Құттықтаймыз!

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы ПДК-17-01 тобының студенті Бейсекеева Карина (ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Л.У.Алипбекова) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырған қазақтың белгілі тілші ғалымы, ф.ғ.д., профессор С.М. Исаевтың құрметіне «Рұхани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырып өткізілген «Профессор С.М.Исаев зерттеулері және қазақ әдеби тілі мәселелері» тақырыбындағы халықаралық «Исаев оқуларына» қатысып, мазмұнды баяндама жасағаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.