Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2020 жылдың 20 мамырында 6B01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ республикалық онлайн пән олимпиадасын өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша институтымыздың 6B01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттерінен жасақталған команда ф.ғ.к., доцент Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекованың жетекшілігімен жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команда құрамындағы: ҚТӘ-16-01 тобының студенттері Қосылбекова Ақмаралды, Қуанышов Атабайды, ҚТӘ-17-01 тобының студенті Ғазез Дананы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!