Студенттермен онлайн-кездесу

2020 жылдың 1 қыркүйегінде «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасында 1-4 курс студенттерінің эдвайзерлер (тәлімгерлер) доцент Б.Б. Мажитова, магистр, аға оқытушы Ж.Д. Дәулетхановамен кездесуі өтті.

Бірінші курс студенттерін эдвайзердің жұмысын ұйымдастыру туралы Ережемен және оқу тобы эдвайзерінің лауазымдық нұсқаулығымен таныстырды.

Академиялық топ эдвайзерінің негізгі міндеті студент тұлғасының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, ұйымшыл студенттік ұжым қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына көмек көрсету болып табылады.

Сондай-ақ 2020 жылдың 3 қыркүйегінде ««Платонус» ААЖ жұмысымен танысу» атты өткізілген вебинарда студенттер білім беру онлайн-платформаларымен жұмыс жөнінде, студенттердің жеке жоспарларын толтыру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық алды.