СТУДЕНТТЕРІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІМЕН!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері Сидор Ксения мен Сидор Натальяны «Сабаққа арналған презентация» халықаралық байқауында (2020 ж. сәуір-мамыр, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы) «Әдеби оқу сабағына арналған ең жақсы презентация» номинациясы бойынша Бірінші дәрежелі диплом алуымен құттықтайды. Ғылыми жетекшілері: п.ғ.к., доцент А.Б. Изделеуова және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.А. Мұхамбетова.