Жатақхана

Жатақханадан орын бөлу  және қоныстандыру тәртібі

  1. Жатақханадан орын барлық оқу кезеңі бойында, каникул кезін қоспағанда, тұру үшін бөлінеді .
  2. Қоныстандыру тәртібі

2.1. Жатақханаға мұқтаж студент институт деканатына мынадай құжаттарды беруге міндетті:

  • белгіленген үлгідегі куратордың бұрыштамасы қойылған өтініш;
  • бірінші кезекте орналасу құқығы барын растайтын құжаттар.

2.2. Студенттерді қоныстандыру туралы шешімді әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор басқаратын институт жатақханасындағы орындарды бөлу жөніндегі комиссия Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы), 2007 жылға 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 46-13 тармақшасына сәйкес қабылдайды.

2.3. Конкурстық комиссия жатақханада орын бөлуді осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша білім алушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

2.4. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11408 тіркелген “Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй бірлігі жоқ (пәтер, үй)) анықтама ұсынған жағдайда жатақханалардағы орындар тұрғын жайға айрықша мұқтаж білім алушылар арасында бөлінеді.

2.5. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

  1. Мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі барлар;
  2. Кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар; ата-аналары жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілгендер; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын “оралмандар”;
  3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» (“Серпін – 2050”) бағдарламасы шеңберіндегі білім алушылар;
  4. «Алтын белгі» игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер.
  5. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылар;

Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген пән бойынша немесе тестілеу түріндегі қабылдау емтихандары пәндер қорытындылары бойынша тең балл жинаған кезде Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама ұсынған жағдайда, білім алушының материалдық жағдайын ескереді.

6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар.

2.6. Білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі.

2.7. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.

2.8. Конкурстық комиссия білім алушының күтпеген отбасылық, материалдық және басқа жағдаяттар себептерінен тұрғын жайға мұқтаждығы туындағанда жатақханадан орын беру туралы, сондай-ақ жатақханада тұру ережелерін немесе ұйымның жарғысын сақтамағаны үшін негізделген ұсыныс бойынша жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды.

2.9. Конкурстық комиссия жатақханаларда орын бөлуді кезең-кезеңмен:

  1. 3.5- тармаққа сәйкес, бірінші курстан басқа, барлық курстарда келесі оқу жылында білім алушыларға оқу жылының соңында (маусым);
  2. 3.5- тармаққа сәйкес, бірінші курсқа оқуға қабылданған немесе басқа оқу орындарынан ауысып келген білім алушыларға;
  3. Жатақханаларда тұратын білім алушылар контингентінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ ауысып келген немесе қайта қабылданған білім алушыларды негізді орналастыру үшін оқу жылының ішінде, қажеттілігіне қарай жүргізеді.

2.10. Бекітілген тізімдерге сәйкес, жатақхана коменданты ордер жазады, соның негізінде бір оқу жылы мерзіміне жатақханаға қоныстандыру жүргізіледі.

3.11 Жатақханадағы орынға жолдама алған студент, жатақханаға 3 күн ішінде қоныстануға немесе институт әкімшілігіне қоныстандыру мерзімін ұзартудың дәлелді себептері туралы хабарлауға міндетті. Өзге жағдайда жолдама жойылады.

Жатақханадан орын бөлу және орналастыру тәртібі «Еуразия гуманитарлық институты жатақханасындағы орындарды бөлу жөніндегі комиссия туралы ережемен» анықталады.