Шығыс ойшылының даналығы туралы

2020 жылғы 4 мамырда Ф-18-01 және Ф-19-01 топтарында, экономикалық-математикалық пәндер кафедрасының доценті Б.Б. Мәжитова, сонымен қатар экономикалық-математикалық пәндер кафедрасының жастар ісі жөніндегі комитеті ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Шығыстың ұлы ойшылы – Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты студенттерді адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және шығармашылығымен, мұраларымен таныстыру болды. Қызықты презентациялар мен баяндамалар дайындалды. Атап айтсақ, екінші курс студенті Штеккер Надежда әл-Фараби өмірінен қызықты фактілер туралы бейнеролик дайындады.