Ректор

Ректор

Құсайынов Амангелді Құсайынұлы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының, ЖМ ХҒА-ның академигі.

Еңбек жолын 1960-1962 жж. орта мектепте мұғалім болудан бастаған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң  Алматы медицина институтында оқытушы болды, Қазақстан Компартиясы Совет райкомы аппаратында істеді (1963-1973 жж.).

Қазақ мемлекеттік университетінде  аспирант, ассистент, аға оқытушы, доцент, проректор, аға ғылыми қызметкер (1973-1992 жж.).

С.С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің ректоры (1992-1996жж.); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректоры (1996-2000жж.); ҚР Жоғары аттестациялық комитетінің төрағасы (2000-2004жж.); Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті (2005-2007жж.).

2007 жылдың қыркүйегінен бері Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, ол ЖОО-ның бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыруға бағытталған басым басымдықтары  мен мақсатын белгіледі. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық және әкімшілік жұмыстары республикаға белгілі. Еңбек еткен жылдарында көптеген дарынды, ізбасар-әкімшілерді және жас ғалымдарды тәрбиеледі. Оның жетекшілігімен «Отан тарихы» мамандығы бойынша төрт докторлық, он алты кандидаттық диссертация қорғалды.

Ғалым-педагог, Қазақстан тарихына, ХХ ғ. саяси қозғалыстарға, интеллигенция тарихына арналған 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Негізгі ғылыми еңбектері:

  • В тисках выбора (1990)
  • Как это было (1993)
  • История Казахстана в лицах (1993)
  • Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы (2007)
  • Актуальные проблемы инновационного развития исторической науки Казахстана (2013)
  • История Казахстана в потоке всемирной историографии (2015).

Марапаттары: Еңбек Қызыл Ту ордені (1982), КСРО Жоғары мектебінің үздігі (1980), Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы (1980), Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет Грамотасы (1998); медальдері – «Ерлігі үшін» (1965), «20 лет Победы над фашистской Германией» (1965), «Тың жерді игергені үшін», «Астана» (1998), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы қарулы күштеріне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «10 жыл Астана», «Құрмет» ордені (2011), А.Байтұрсынов атындағы орден (2012), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Парасат» орденімен (2021).