Ректорға сұрақ

Сұрақ: Қайырлы күн. Мен Сіздің ЖОО-ға оқуға түсу бойынша кеңес алғым келеді. Астана қаласында тұрамын. Бірінші білімді Энгель өнеркәсіптік-экономикалық техникумында «Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша алдым.

Қазіргі уақытта инженер-электрик болып 4 жыл зауытта жұмыс істеймін. 2017 жылы Сіздердің ЖОО-ға «Мехатроника және робототехника», «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру», «Ядролық физика және технология» мамандықтары бойынша магистратураға оқуға түскім келеді.

Менің сұрақтарыма толық жауап беруіңізді өтінемін:

  • Осы параметрлер бойынша аталған мамандықтарға оқуға түсе алам ба және оқу ақысы қанша болады?
  • Осы мамандық бойынша бакалавриатқа оқуға түсуім керек пе?
  • Қашықтықтан оқыту бар ма?
  • Сессияны жылына бір рет тапсыру мүмкіндігі бар ма (өйткені жылына екі рет келу қиын болады)?
  • Физика, математика және орыс тілі бойынша БМЕ тапсыру керек пе? Тағы қандай кафедраларды ұсына аласыз? Алдын ала үлкен рахмет!

Құрметпен, Дмитрий Тищенко!

Жауап: Сәлеметсіз бе, Дмитрий Тищенко!

Хатыңызда магистрлік бағдарлама бойынша оқығыңыз келетінін баяндадыңыз. Өкінішке орай, біздің институтымызда тек бакалавриат бағдарламасы бойынша ғана білім алуға болады.