Ректорға сұрақ

Сәлеметсіз бе! Менің атым Наташа. Мен таныстыру аптасында болдым және инклюзивті білім беру клубына қызықтым. Енді осы клубқа волонтер болғым келеді. Кімге барам?

— Наташа, сәлеметсіз бе! Сіз жазып отырған клуб «Асыл жүрек» (410 каб., №2 оқу ғимараты) деп аталады. Сіз инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жетекшісі Аязбаева Әсемгүл Темірханқызымен жолығып,  клубқа (тел.562332) жазыла аласыз.