Мемлекетік-құқықтық пәндер кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) оқу үдерісінде студенттердің оқу жоспары бойынша және оқудан тыс уақытта зерттеу және сараптама жасау жұмыстарының әдістерін, тәсілдері мен дағдыларын меңгеруге, ғылыми шығармашылыққа, дербестікке және ынталылыққа  деген қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін көрсетеді.

Кафедраның ҒЗЖ институттың және  кафедраның ҒЗЖ-ның жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. Республикалық жыл сайынғы ҒЗЖ конкурсының ІІ турына қатысу

2016 жылы конкурсқа М.С. Тугубаевтың «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғау мәселелері» атты жұмысы ұсынылды  (ғылыми жетекші – заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Н.С. Сәулен).

2017 жылы конкурсқа 2-курс студенттері А.М. Катимованың және Ә.Н. Әбусәлімнің «Медиация: дань моде или необходимость» атты жұмысы ұсынылды (ғылыми жетекші – з.ғ.к., доцент Е.В. Крушинская).

  1. «Ғылым және жаңа ұрпақ» атты жыл сайын өтетін ғылыми студенттік конференцияға қатысу. Әр жылда конференция дипломанттары болған:

2012 ж.

  • 1-орын – Вишневский Евгений (ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент И.С. Сактаганова)

2013 ж.

  • 1-орын – Мальбекова Айгерим (ғылыми жетекші: з.ғ.к.,  доцент И.С. Сактаганова)
  • 2-орын – Блялова Айгерим (ғылыми жетекші: аға оқытушы К.С. Калдыбаев)
  • 3-орын – Алиева Айнура (ғылыми жетекші: аға оқытушы А.С. Абельдинов)

2014 ж.

  • 1-орын – Муқаметжанова Жанна (ғылыми жетекші: аға оқытушы Г.Е. Мусынова)
  • 3-орын – Турлыбек Темирлан (ғылыми жетекші: аға оқытушы А.Р. Ахметова)

2015 ж.

  • 1-орын – Тугубаев Мәди (ғылыми жетекші: аға оқытушы  Г.Е. Мусынова)
  • 2-орын – Рыспек Назгүл (ғылыми жетекші: аға оқытушы Н. Саулен)
  • 2-орын – Нагаева Эльмира (ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент И.С. Сақтағанова)
  • 3-орын – Мырзали Райымбек (ғылыми жетекші: аға оқытушы Н. Саулен); Рыбачук Владимир (ғылыми жетекші: аға оқытушы А.С. Абельдинов)

2016 ж.

  • 1-орын  –  Ғалымжан Нұрәділ (ғылыми жетекші: профессор К.М. Мукажанов)
  • 2-орын  – Маликайдар Дана (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Н. Сәулен); Манарбек Наргиз (ғылыми жетекші: доцент Ю.Н. Дрокин)
  • 3-орын  – Бейсембекова Сұлұшаш, Шәмішова Риза (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Ф.Т. Байболатова)

2017 ж.

  • 1-орын – Саттаров Назарбай (ғылыми жетекші: аға оқытушы А.С. Абельдинов)
  • 2-орын – Искакова Назигуль (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Е.К. Даурембеков); Анапьянова Дарина (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы А.К. Жантаева)
  • 3-орын  –  Нұрмақ Сандуғаш (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Е.К. Даурембеков); Эсенбекова Айшырын (ғылыми жетекші: аға оқытушы А.У. Ищанова)
  1. Студенттердің мамандық бойынша Республикалық студенттік олимпиадаларға қатысуы

2014 жылдың 4 сәуірінде құрамында студенттер М.Дуйсемуратова, Л. Блялова, Л.Сактапова (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Н.С. Саулен) бар ЕАГИ командасы Қарағанды қаласында «Болашақ» академиясында өткен академик Ж.С. Ақылбаевты еске алуға арналған құқықтану мамандығы студенттерінің арасындағы өңірлік олимпиадаға қатысты.

Нәтижелері бойынша ЕАГИ командасы 3-орынды иеленді. «Оперативность мышления» номинациясында «Блиц-опрос» конкурсының қорытындысы бойынша студент М. Дуйсемуратова грамотамен марапатталды.

2015 жылдың 4 сәуірінде құрамында Е. Козлов, В. Рыбачук, Э. Нагаева, Ж. Мұқаметжанова, Ж. Тасыбаева (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Н.С. Саулен, аға оқытушы А.У. Ищанова) бар ЕАГИ командасы Астана қаласында ҚАЗМЗУ университетінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен Республикалық пән олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойыншша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

2016 жылдың 16 сәуірінде құрамында Е. Козлов, В. Рыбачук, М.Тугубаев, Ә.Турсынбай, Д.Каиржанова (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Н.С. Саулен, аға оқытушы А.У. Ищанова) бар ЕАГИ командасы Астана қаласында ҚАЗМЗУ университетінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен Республикалық пән олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Студент М. Тугубаев «Үздік спикер» атанды.

2016 жылдың 20 сәуірінде құрамында студенттер Е. Козлов, В. Рыбачук, М.Тугубаев (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Н.С. Саулен) бар ЕАГИ командасы Қарағанды қаласында «Болашақ» академиясында өткен академик Ж.С. Ақылбаевты еске алуға арналған құқықтану мамандығы студенттерінің арасындағы өңірлік олимпиадаға қатысты. Нәтижелері бойынша ЕАГИ командасы 1-орынды иеленді. «Оперативность мышления» номинациясында «Блиц-опрос» конкурсының қорытындысы бойынша студент Е. Козлов грамотамен марапатталды.

2017 жылдың 15 сәуірінде құрамында Ә. Әлібековой, Н.Абдрахманов, Н.Ғалымжан, Д.Калкаманова, М.Тугубаева  (ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Г.Е. Мусынова) бар ЕАГИ командасы Астана қаласында ҚАЗМЗУ университетінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен Республикалық пән олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 2-орынды иеленді және барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Студент М. Тугубаев «Үздік спикер» атанды.

  1. Студенттердің кафедра жанындағы ғылыми ұйымға қатысуы

2010 жылдан бастап кафедрада «Зангер» ғылыми үйірмесі қызмет етеді (ғылыми жетекші – аға оқытушы А.У. Ищанова).

  1. Студенттердің халықаралық, республикалық, жоғары оқу орындары арасындағы және институтішілік конкурстарға, студенттік конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысуы.

2012 жылдың 16 сәуірінде Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында  Т.Ж. Атжанова және А.М. Роднованы еске алуға арналған «Парадигма современной науки глазами молодых» атты студенттер, аспиранттар және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Оған 5В030100  «Құқықтану» А. Алиева, З. Тлеубергенова, А. Далбаева, Д. Джуманбаева, Я. Новгородова қатысты және «За внутреннее единство и творческую направленность», «За актуальность и глубину раскрытия темы исследования», «За высокий уровень практической значимости исследования» номинацияларында ғылыми баяндамалары үшін грамоталармен марапатталды.

2012 жылдың 26 сәуірінде Қарағандының  «Болашақ» колледжінде «Қазіргі заман жастар көзімен» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, оған  5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенті З. Тлеубергенова қатысты және «Құық негіздерін белсенді тану» номинациясында дипломмен марапатталды.

2012 жылдың 27 сәуірінде Б.Бесенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясында «ҚР құқықтық және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцисы өтті, оған 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенті З. Тлеубергенова (ғылыми жетекші: аға оқытушы Н.С. Саулен)  «Бірегей ғылыми тәсіл» номинациясында 1-дәрежелі дипломмен және грамотамен марапатталды.

2013 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде ғылыми-практикалық конференция өтті, оған 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенті А. Блялова қатысып (ғылыми жетекші: аға оқытушы Г.Е. Мусынова) 1-орынды жеңіп алды.

2014 жылдың 18 сәуірінде Қаржы полициясы академиясында Республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті, оған 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттері М.Сейтказина қатысып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші: з.ғ.к.,  доцент И.С. Сактаганова), М.Тугубаев қатысып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші: аға оқытушы Н.С. Саулен).

2015 жылдың 10 сәуірінде ҚАЗМЗУ-нде өткен «Ғылымға қадамдар» атты Республикалық студенттік ғылыми конференцияға 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенті М. Тугубаев қатысып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші:з.ғ.к. доцент И.С. Сактаганова).

2015 жылдың 10 желтоқсанында ҚАЗМЗУ-нде «Лаңкестікке қарсы күрес жағдайында адамның құқығын қорғау» халықаралық жастардың заң форумының дебаттық турнирі өтті, оған 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенті Ж. Мұхаметжанова қатысты және сертификатпен марапатталды.

2016 жылдың 17 сәуірінде ҚАЗМЗУ-нде өткен «Ғылымға қадамдар» атты Республикалық студенттік ғылыми конференцияға 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттері М. Тугубаев пен Ж. Серік қатысып, конференцияға белсенді қатысқандары үшін дипломдармен марапатталды.

2017 жылдың 11 сәуірінде «Тұран Астана» университетінде өткен ғылыми-практикалық конференцияға 5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттері А.М. Катимова, Ә.Н. Әбусәлім қатысып, 3-орынды жеңіп алды  (ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент Е.В. Крушинская).