Әйгерім Көкеева

20 жыл мерзім ішінде мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлап, білім беру саласында орасан зор тәжірибе жинақтадыңыздар. Танымал институт ретінде қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өттіңіздер. Институттың өмір сүру кезеңдері мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерімен тығыз ұштасып келді. Түлектеріңіз тек Қазақстан Республикасының аймақтарында ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдерде қызмет атқарып жүргенін және жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық көрсетіп, ерекшеленетіндерін үлкен мақтанышпен атап өту қажет. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Жастар ісі жөніндегі комитеті атынан білім ордаларыңыз көп жастарға толып, мәңгі өшпес тарихта қалуларыңызға тілектеспіз.

Әйгерім КӨКЕЕВА
С.Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті
ЖІК төрайымы