ХХI ғасыр байлығы

Армысыздар, құрметті оқырмандар! Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы мен Нұр-Сұлтан қаласы № 30 мектеп-гимназиясы бірлесе отырып, эссе жазудан қашықтықтан байқау өткізеді.

Байқаудың өткізілу мерзімі: 2020 жылғы 15-25 сәуір

Эссе тақырыбы: «ХХI ғасыр байлығы»

Байқау шарттары:

  1. Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшаларыңызға жұмыстарыңызды жүктейсіздер. Жұмысты жүктеу барысында тақырыпқа байланысты немесе өздеріңіздің жеке суреттеріңізді салуды ұмытпаңыздар.
  2. Аты-жөніңізді толық жазып, оқу орныңызды (курс, мамандық, сынып) көрсетесіздер.
  3. Еуразия гуманитарлық институты (eagi_life) және Нұр-Сұлтан қаласы №30 мектеп-гимназиясы (@shkola_30nur_sultan) инстаграм парақшаларын белгілейсіздер, соңында #ЕАГИ #30МГ #Эссе #ХХI ғасыр байлығы хэштегтерін тересіздер.
  4. Байқауға қатысушылар арнайы Алғыс хат және дипломдармен марапатталады.

Іске сәт, қатысушылар!