Еуразия гуманитарлық институтында «Адалдық сағаты» атты республикалық онлайн акция өтті

2020 жылдың 19 мамырында Еуразия гуманитарлық институтының бірінші курс студенттері ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында «Адалдық – ұлы Абай мұрасы» тақырыбындағы республикалық «Адалдық сағаты» акциясына қатысты, ұйымдастырған – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, адалдық, ізгілік қағидаттарын насихаттау және мәдениеттің деңгейін көтеру. Студенттер ұсынылған бейнероликте Ұлы Абайдың әділеттілік, ізгілік, сенімділік, ең бастысы, адалдық сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген мұрасына тағы да бойлады.