Емтихан сессиясын қашықтықтан өткізу бойынша студенттерге арналған оқу вебинары

2020 жылдың 12 мамырында Еуразия гуманитарлық институтында «Емтихан сессиясын қашықтықтан өткізу бойынша студенттерге арналған оқу вебинары» тақырыбында бейнеконференция өтті. Бейнеконференцияға ЕАГИ басшылығы мен әкімшілігінің өкілдері, бөлім басшылары, тіркеу бөлімінің қызметкерлері, қашықтықтан оқыту орталығы және академиялық топтардың старосталары қатысты.

Бейнеконференцияда қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу аясында емтихан сессиясын өткізу ережелері талқыланды. Қашықтықтан оқыту орталығының басшысы Б.Баймамыров емтихан сессиясын қашықтық режимінде өткізу тәртібі туралы бейне нұсқаулық ұсынып, студенттерге емтихан сессиясына арналған бейнеконференцияға қатысу талаптарын айтты, емтиханды тестілеу және ауызша түрде тапсыру тәртібін түсіндірді.

Қашықтан оқыту кезеңінде институттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселесі туралы тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы А.О. Ищанова сөз сөйледі.

Студенттердің сұрақтарына бірінші проректор А.Ж. Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Қ.Ә. Ахметов, Академиялық және аккредиттеу мәселелері жөніндегі департамент директоры С.Б.Загатова, Тіркеу бөлімінің бастығы Қ.Т. Байжұманова жауап берді.