ЕАГИ-де онлайн режимде таныстыру апталығы өтт

2020 жылдың 1-4 қыркүйегі аралығында Еуразия гуманитарлық институтында онлайн режимде ЖОО басшылығының бірінші курс студенттерімен кездесулері өтті. Кездесудің басты мақсаты бірінші курс студенттерін ЖОО әкімшілігімен, топ кураторларымен, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларымен таныстыру, сонымен қатар ішкі тәртіп ережелерімен, ЕАГИ Жарғысымен, жоғары оқу орны студентінің ар-намыс кодексімен, академиялық адалдық кодексімен, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен және санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету тәртібімен таныстыру болды.

Студенттермен кездесуді институттың бірінші проректоры, психол.ғ. кандидаты, профессор А.Ж. Исмаилов ашып, бірінші курс студенттерін жаңа студенттік өмірдің басталуымен құттықтады, жоғары оқу орнының тарихы мен жетістіктері туралы айтып берді.

Қатысушылардың назарын ЕАГИ-де оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне аса аударды, мұнда студенттер болашақта өз саласында бәсекеге қабілетті маман болуға көмектесетін сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалғаны туралы айтты.

Бірінші курс студенттеріне оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйледі. Ол ЕАГИ-дегі оқу және ғылыми жұмыстың негізгі ережелері туралы айтып, қашықтықтан оқыту технологияларына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, студенттер алдында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова; академиялық мәселелер және аккредиттеу департаментінің директоры, ф.ғ.к., профессор С.Б. Загатова; институт деканы, п.ғ.к., доцент Т.Н. Кемайкина; ЕАГИ-де инклюзивті білім беруді қолдау бойынша психологиялық-педагогикалық қызметтің жетекшісі, магистр А.Т. Аязбаева; баспасөз орталығының жетекшісі, магистр Г.А. Канафина; ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнахан; студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары сөйледі. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бойынша үйлестіруші, магистр А.Т. Сандыбаева республиканың, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында оқу бағдарламаларымен таныстырды. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Бірінші курс студенттеріне танысу күндерін дайындауға және өткізуге тіркеу бөлімінің қызметкерлері мен эдвайзерлер жұмылдырылды, олар «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмыс ерекшеліктерімен, пәндерге жазылу процедурасымен, ЖОЖ толтырумен таныстырды. Кітапхана қызметкерлері ЖОО кітапханасының қызметтері туралы айтып берді. Көрсетілген кезеңде кураторлық сағаттар өткізілді.

Барлық бірінші курс студенттеріне оқуда табыс, жаңа жетістіктер және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!