ҰБТ-ның форматы

Жалпы 120 сұрақ. Тест өткізу уақыты 3 сағат 30 минут болады. Өту балы 50 болып қалады. Балдардың максималды саны 140 (бейінді пәндер бойынша тапсырмалардағы бірнеше дұрыс жауаптар негізінде).

Тестке қатысуға өтініштер 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады. ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейін өтеді. ҰБТ-ны ақылы түрде 2018 жылдың тамызында және 2019 жылдың қаңтарында қайта тапсыруға мүмкіндік бар. “Алтын белгі”, жалпы білім беретін пәндер мен ғылыми жобалар бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы ортақ негізде тапсырады. Сонымен қатар, олардың нәтижесі жоғарыда аталған жүлделерге ие емес үміткерлермен тең келсе, алған жетістіктері есептеледі.   Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық 5 олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.

ҰБТ-ның барлық пәндері бойынша тапсырмалардың үлгілері ҰТО сайтына орналастырылады (http://www.testcenter.kz).

Барлық сұрақтар бойынша институттың қабылдау комиссиясына хабарласуға болады:  +7 (7172) 56-22-00.
e-mail: eagi@list.ru