Ректор

Первый-проректор

Исмаилов Амангелді Жақсылықұлы

Психология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ білім академиясының мүше – корреспонденті. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың психология факультетін бітірген. Педагогикалық қызметін 1988 жылы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы ретінде бастаған, содан кейін доцент, кафедра меңгерушісі, декан, кейінірек 1996 жылға дейін – Ақмола университетінің бірінші проректоры. 1996-2000 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің бірінші проректоры. 2000 жылғы қазаннан бастап – Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, 2004 жылғы наурыздан 2007 жылғы тамызға дейін – ректоры, 2007 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 20 ақпанға дейін – ЕАГИ-дің бірінші проректоры, қазіргі уақытта – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры.

А.Ж. Исмаилов мақсатты түрде институттың ғылыми зерттеулерін, оқу-әдістемелік базасын дамыту, оқытудың инновациялық технологияларын, көп деңгейлі кадрлар даярлау жүйесін енгізу, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құрамын заманауи менеджмент дағдылары бар әрі оны тұрақты жетілдіріп отыратын адамдардан қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. А.Ж. Исмаилов жоғары мектеп, жас ерекшелік, педагогикалық психология және психодиагностика мәселелері жөніндегі ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

Жоғары білікті мамандар даярлаудағы жемісті ғылыми және педагогикалық еңбегі үшін «Казакстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, ҚР БҒМ-ның «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төс белгілерімен, ҚР ЖОО-лары қауымдастығының А. Байтұрсынов алтын медалімен және орденімен марапатталды.