Қазақстан студенттерінің Альянсы онлайн кездесу

Қазақстан студенттерінің Альянсы бірлескен жұмыс жоспарын талқылауға жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары мен белсенді студенттермен онлайн кездесу өткізді. ZOOM платформасында өткен жиналысқа Еуразия гуманитарлық институтының жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Т. Тырнахан, «Zhas Qanat» әлеуметтік клубының жетекшісі Ақтаев Жандос (ЮК-17-01 тобы) студенті, «Студенттер үйі» студенттік кеңес төрайымы Бердалы Үміт (Довк-18-01 тобы), ұлттық ән студиясының жетекшісі Әбдуалиева Елікай (ҚТӘ-18-01 тобы) қатысты.