«Аударма ісі» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне арналған таныстыру аптасы туралы

Қыркүйек айының 1-7 күндері аралығында «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының эдвайзерлері – шетел тілдер кафедрасының аға оқытушылары – г.ғ.м. Б.А.Сиренова, п.ғ.м. Н.Л. Сулятецкая және г.ғ.м. А.К. Ильясова, п.ғ.м. С.Е. Давлетова ПД-20-01, ПДТ-20-01, AI-20-01, ШТ-20-01, ИЯ-20-01 топтарының кураторларымен бірлесе отырып (кураторлары: А.Е. Искендирова, В.С. Евсеев, Ф. Хасилан, А.Н. Ергалиева, Ш.Ж. Шуритдинова) бірінші курс студенттерін қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үдерісімен таныстыруға және бейімдеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.

Бірінші курс студенттерін қызықтырған негізгі сұрақтар түсіндірілді. Кураторлар өз студенттерін ЕАГИ студентінің Академиялық адалдық Кодексімен және кредиттік технология бойынша оқытудың негізгі қағидаларымен таныстырды.

Студенттермен бірлескен онлайн-конференция ұйымдастырылды, онда эдвайзерлер негізгі траекториялар, міндетті пәндер мен таңдау пәндері туралы ақпарат берді.