Қанапиянов Рүстем

Аталмыш оқу орнында білім нәрімен сусындаған шәкірттер бүгінде еліміздің әр аймағында, алыс-жақын шет елдерде қызмет атқарып жүргенін және жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық көрсетіп жүргендерін  үлкен мақтанышпен айта аламын.

Мен осы қара шаңырақтың 2010 жылғы түлегімін. Менің студенттік шағымның шаттыққа толы 4 жылы осы білім шаңырағында өтті. Институттың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушыларына үлкен алғысымды білдіремін. Мамандықтың қыр-сырын үйреткен ұстаздарыма және барлық институт қызметкерлерінің отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс, білім шаңырағының атақ-даңқын бүкіл әлемге паш етіңіздер дегім келеді.

Рүстем Жанболатұлы Қанапиянов,
«Нұр Отан» партиясы
Алматы облыстық филиалының

баспасөз хатшысы