Абайдың 175 жылдығына арналған дөңгелек үстел

2020 жылдың 28 сәуірінде философия магистрі, аға оқытушы Б.Қ. Абылханованың жетекшілігімен ИК-18-01, ҚТӘ-18-01 топтарында «Абай Құнанбаевтың педагогикалық, акартушылы, философиялық көзқарастары» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық вебинар өтті.

Іс-шарада Абай Құнанбаевтың педагогикалық, ағартушылық, философиялық көзқарастары талқыланды, пікірталас тағылымды әрі терең болды.

Тарихшы-студенттер Мерген Әділхан, Ашубасаров Ерлан, Умаров Тойлыбек баяндамалар жасады, олар Абайдың сөздеріне толық талдау жасады. Дөңгелек үстелге ЕҰУ-дың философия кафедрасының оқытушысы, әлеуметтанудың 2-курс докторанты, ғылымдарының кандидаты Ж.М. Макимбаева шақырылды

Іс-шараның маңызды тұсы, студенттердің Абайдың сүйікті өлеңдерін оқыды, ал  Умаров Тойлыбек өз өлеңдерін оқыды.