Жастар жылына арналған кураторлық сағаттар

ЕАГИ шетел тілдері кафедрасында ПДС-18-01, ИЯК-18-02, ИЯК-18-01, ИЯСК-18-01, ИЯК-18-01, ПДК-18-01, ПД-18-01 топтарында (кураторлары: Б.А. Сиренова, С.М.Султанова, Ф.Хасилан, С.А.Долдинова, А.А.Султанова, Д.Б.Байжуманова) Жастар жылына арналған кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлар студенттерді 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған елдің жаңа стратегиялық құжаты жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдаумен таныстырды, Президент Н.Ә. Назарбаев қатысқан Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінің бейне түсірілімін көрді. Кураторлар мен студенттер ел жастарының мәселелерін, оларды шешудің жолдарын талқылады, студенттердің қабілеттері мен шығармашылық әлеуеттерін жетілдіру үшін көптеген жаңа және қызықты мүмкіндіктердің ашылуына сенім білдірді.