«Жастар жемқорлыққа қарсы» атты пікірсайыс турнирі

2020 жылғы 10-11 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпак» студенттік клубы және Еуразия гуманитарлық институтының «Жас қанат» әлеуметтік клубы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесіп, «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында пікірсайыс турнирін өткізді. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Я.Н. Оспанова, ЖІК төрағасы, магистр Н.Т. Тырнахан, сондай-ақ «Саналы ұрпак» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубының жетекшісі И. Карим құттықтау сөз сөйледі. Пікірталас барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес идеялары мен тетіктері, атап айтқанда, осы проблемамен күресу үшін заңнаманы жетілдіру жолдары талқыланды.

Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары деп «Афины балалары» командасының қатысушылары Айтуғанов Темірлан (ПМНОК-18-01 тобы) және Оразалин Азат (ПД-19-01 тобы) танылды. Турнирдің қорытындысы бойынша II орынды құрамында Әділханов Әмір (ЮР-18-01 тобы) және Мадияров Алдияр (ЮР-18-02 тобы) бар команда жеңіп алды. Дебат турнирінің үздік спикері ретінде Мусалим Тәңірберген (ЮРT-19-01 тобы), ал Ақтаев Жандос (ЮК-17-01 тобы) «Үздік судья» аталымында жеңімпаз атанды. Турнирдің барлық қатысушыларына Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінің Алғыс хаттары табыс етілді.