Ғылым

Еуразия гуманитарлық институты ғылыми-зерттеу жұмысы

Институттың  ғылыми қызметінің бағыты Еуразия гуманитарлық институтының  миссиясына, мақсаты мен міндеттеріне сай жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы  кафедралардың мынадай кешенді тақырыптарына  сәйкес жүргізіледі  :

  • «Мұғалімдерді кәсіби даярлаудың педагогикалық технологиялары және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (тақырып жетекшісі –профессор Б.С. Сарсекеев );
  • «Құзыреттілік жол – білімді жаңғыртудың  бағдары» (тақырып жетекшісі – профессор Б.С. Сарсекеев);
  • «Қазақстан Республикасының ұлттық  заңнамасы және халықаралық құқықтық нормалардың арақатынасы  проблемалары» (тақырып жетекшілері – профессор Қ.Ж. Балтабаев,  Қ.Ә. Әбішев);
  • «Қазақстан экономикасын мемлекеттің тұрақты қаржылық саясатын қамтамасыз ету мақсатында жаңғырту» (тақырып жетекшілері– профессор М.Ы. Жүкібай, доцент Ю.А. Стацурина);
  • «Шетел тілдерін оқытудағы жалпы білім беру үдерісінің әдістанымдық негіздері» (тақырып жетекшісі – профессор С.Б. Загатова);
  • «Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» (тақырып жетекшілерім – профессор Д. Қамзабекұлы, доцент Қ.А. Мамаділ).

Кафедралардың кешенді тақырыптарының осы бағыттары бойынша жарияланымдар  түрлі ғылыми-практикалық конференцияларда, ҚР БҒМ-ның Білім мен ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, басқа да ғылыми журналдарда мақұлданады.  Ғылыми-зерттеу жұмысы тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші ғылыми зерттеу нәтижелерінің жарияланымы болып табылады. ЕАГИ-дің профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар шығарады, ғылыми мақалаларын рейтингті басылымдарда жариялайды. Айта кетерлік жайт, жарияланымдардың сапасы соңғы жылдары тұрақты жақсарды  –  импакт-факторлы ғылыми журналдарға жариялау артты. Мұның өзі ПОҚ-тың кәсіби өсуін, өз ғылыми-кәсіби деңгейін көтеруге ұмтылысын білдіреді.

Институттың профессор-оқытушылар құрамы жарияланымдары неғұрлым өзекті тақырыптарға: мұғалімдерді кәсіби даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен педагогикалық технологияларға; Қазақстан  Республикасының ұлттық  заңнамасы және халықаралық құқықтық нормалардың арақатынасы  проблемаларына; Қазақстан экономикасын мемлекеттің тұрақты қаржылық  саясатын қамтамасыз ету мақсатында жаңғыртуға; шетел тілдерін оқытудағы жалпы білім беру үдерісінің әдістанымдық негіздеріне; қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне; қазіргі кезеңдегі тарих пен мәдениеттің өзекті мәселелеріне арналған.

Институттың ғылыми қызметінде ғылыми зерттеулердің оң динамикасы байқалады, ол институт профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің ғылыми зерттеулері нәтижелерінің оқу үдерісіне, өндіріске енгізілуімен расталады. Институт оқытушыларының ғылыми зерттеулері нәтижелері «ЖОО-ның үздік оқытушысы», «Үздік жас оқытушы» конкурстары қорытындыларын шығаруда ескеріледі.

Институтта ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды бағыты ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу болып табылады. ЕАГИ-де жыл сайын еліміздегі және шетелдегі жетекші ЖОО-лар ғалымдарының қатысуымен іс шаралар өткізіледі, конференция жұмысына мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінің, ұйымдардың, банктер мен фирмалардың өкілдері де қатысады. Институт профессор-оқытушылар құрамы түрлі ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдар мен форумдарға белсенді қатысады. ЕАГИ-дің профессор-оқытушылар құрамы қатысқан түрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың арасында, Италия, Түркия, Чехия, Польша, Ресейдегі және басқа елдердегі халықаралық конференцияларды атауға болады.


Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

ЖОО-да мамандар дайындау білім алушылардың ғылыми зерттеулерге қатысуын қарастырады, оның нәтижелері жайын студенттік конференциялардың  қорытындысы бойынша айтуға болады. Институтта жыл сайын  сәуір айында «Ғылым және жас ұрпақ» атты  ЖОО аралық студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы дәстүрлі түрде өткізіледі. Конференциялар шеңберінде педагогика, тарих, қазақ, орыс, шетел филологиясы, экономика, құқықтану, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық үрдістері саласындағы жас ғалымдар зерттеулерінің мәселелері мен келешегі қарастырылады. Конференциялар жұмысына республиканың көптеген  оқу орындарынан, таяу шетелдерден студенттер мен магистранттар қатысады. Үздік баяндамалар I, II, III дәрежелі дипломдармен, құрмет грамоталарымен аталып өтеді және жыл сайынғы конференция материалдары жинақтарында жарияланады.

2011-2012 оқу жылында  7 студент халықаралық, республикалық конференциялар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды, 10 студент жүлдегер болды.  Студенттер  А. Серікбаева  мен  Ш. Шүкенова «Notre Dame de Natur University» тәуелсіз институты ұйымдастырған халықаралық ғылыми жобалар конкурсында 1-орын алды. Студент З. Тлепбергенова «ҚР-дағы заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты  халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда  І дәрежелі дипломмен және «Жастардың қазіргі әлемге көзқарасы» атты  халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда «Құқық негіздерін белсенді танығаны үшін» номинациясының жеңімпазы ретінде  аталып өтті. Студенттер Д. Досанова және А. Қайдаулова А. «Рынок және өндіріс тиімділігі-9» (Гуманитарлық-техникалық академия) ЖОО аралық студенттердің ғылыми конференциясында І дәрежелі дипломдармен аталып өтті. А. Серікбаева  мен Ш. Шүкенова Қазақ гуманитарлық-заң университеті базасында өткен «Қоғам дамуының әлеуметтік-психологиялық аспектілері» атты  ғылыми конференцияның жеңімпаздары атанды. Студенттер С.Батан, Д.Сайлаубекова және А.Тайгелдина «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша республикалық пән олимпиадасында жалпы командалық 2-орынды иеленді.

2012-2013 оқу жылында  6 студент халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар мен олимпиадалардың жеңімпаздары болды, тағы 30 адам жүлдегер атанды. «Педагогика және психология» мамандығының студенті Т.Раменская «Меняющаяся молодежь в меняющемся мире: взгляд изнутри» (А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ-сы) халықаралық ғылыми-практикалық форумда І дәрежелі дипломмен аталып өтті. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттері Д. Сайлаубекова және А.Тайгелдина өз мамандықтары бойынша республикалық пән олимпиадасында жалпы командалық 3-орынды иеленді. «Құқықтану» мамандығы студенттері қалалық ЖОО аралық олимпиада 3-орынды иеленді.

2013-2014 оқу жылында 3 студент халықаралық, республикалық ғылыми конференциялардың жеңімпазы болды,  8 адам жүлдегер атанды. Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында (2014 ж. 10-11 сәуірі) тарихтан өткен VI республикалық студенттік пәндік олимпиадада ЕАГИ-дің  «Тарих» мамандығының студенттер командасы (қазақ бөлімі) екінші орын алды. 2014 ж. 4 сәуірде ЕАГИ студенттерінен құралған команда: М. Дюсемуратова, Л. Блялова, Л. Сактапова Қарағанды қаласындағы «Болашақ» университетінде өткен академик Ж.С. Ақылбаевқа арналған олимпиадаға қатысып, 3-орын алды. 2014 жылдың 18 сәуірінде аға оқытушы Н.С. Сәулен  студенттермен – Ә. Тұрсынбай, Т. Нұрлыбаев, А. Нұрбалиева, Т. Сейтказиналармен бірге  Қаржы полициясы академиясында өткен (Астана қ-сы) «Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын іске асыру шеңберіндегі сыртқы экономикалық қызметті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы  республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты. ЮР-3-14 тобының студенті Т. Сейтқазина 2-орын алғаны үшін дипломмен аталып өтті.

2014 ж. сәуірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша республикалық  ЖОО аралық олимпиадада ЕАГИ студенттері командасы 27 команданың арасында 5-орынды иеленді.

2015 ж. 8-10 сәуірде «Тарих» мамандығының студенттері командасы (Сабиева К. (капитан), Хайролла Н., Анафина М., Сипат Б.) тарихтан республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып (Алматы қ-сы, Абай атындағы ҰПУ), онда «Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы» ғылыми жобасын ұсынып, 1-дәрежелі дипломмен аталып өтті. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің бір тобы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  2015ж. 13-16 сәуірде өткен «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясына қатысты. Студенттер П. Рақымберлі, М. Ерғалиева, Т. Ахметжан, А. Тұңғышбаева,  А. Кенжеғұл  ІІІ дәрежелі дипломмен, Н. Баширов І дәрежелі дипломмен аталып өтті. 14 сәуірде тағы да осы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  ұйымдастырылған «Әл-Фараби білім, тәрбие концепциялары – қазіргі жастардың рухани өмірінде» атты студенттердің республикалық конференциясына қатысып, П. Рақымберлі ІІІ дәрежелі дипломмен, А. Кенжеғұл және М.  Ерғалиева ІІІ дәрежелі дипломмен, Н. Баширов  І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Институттағы ғылыми-зерттеу жұмысының айтарлықтай жетістігі Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен Республикалық студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына біздің студенттеріміздің табыспен қатысуы болды. 2014-2015 оқу жылында 5 студент ҚР БҒМ-ның дипломдарымен аталып өтті.  «Тарих»  мамандығының 4-курс студенті З. Жұмағалиева, «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті К. Искакова, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Н. Баширов ІІІ дәрежелі дипломдармен аталып өтті. «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті А. Шаирманова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


ЕАГИ-дің ғылыми-зерттеу зертханалары

Институтта маман даярлау бағытына сәйкес арнайы  ғылыми-зерттеу зертханалары құрылып, жұмыс істейді:

  • ғылыми-проблемалық зертхана;
  • жалпы және арнаулы психология зертханасы;
  • көп қызметті оқу-зертханалық криминалистикалық кешен;
  • шетел тілін зерделеу проблемалары оқу-зертханасы.

Педагогика кафедрасының жанында 2002 жылдан бері ғылыми- проблемалық зертхана жұмыс істейді (жетекшісі — п.ғ.д. Б.С. Сарсекеев), оның негізгі міндеті мұғалімдерді кәсіби даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мен педагогикалық технологиялардың әдіснамалық, әдістемелік және мазмұндық негіздерін жасау. Ғылыми-проблемалық зертхананың негізгі бағыты  мұғалімнің оқу-әдістемелік қызметін қамтамасыз етуді даярлау және мектеп оқулықтары мен  оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеу болып табылады.

2011-2015жж. кезеңінде ғана  ғылыми-проблемалық зертхана ҚР БҒМ Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептерде міндетті пайдалану үшін ұсынған 10 оқулық, 7 әдістемелік құрал мен 2 оқу құралын әзірледі. Бұдан басқа, зертхана тарихшы-студенттерге арналған оқу құралдарын оқу үдерісіне дайындап, енгізді.

Педагогика кафедрасының жанында жалпы және арнаулы психология бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді, оның жұмысы «Діни-саяси экстремизм, терроризмнің психологиялық табиғаты» және «Жетім балаларды, дамуында кемістік бар балалар мен ересектерді психологиялық қолдаудың өзекті мәселелері» сияқты негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының көп қызметті оқу-зерттеу зертханалық криминалистикалық кешені бар. Осы зертханалық кешен негізінде қылмыстық-процессуалдық және тактикалық-криминалистикалық сипаттағы негізгі заңдылықтарды анықтаумен, криминалистикалық полигон базасында тергеу  амалдарын өз бетінше моделдеу арқылы жекелеген тергеу амалдарын ұйымдастыру және жүргізумен байланысты зерттеулер жүргізіледі. Шетел тілдері кафедрасында студенттердің шетел тілін оқыту әдістемесі, білім, тілі үйретілетін елдің саяси құрылымы, елтану,  тілі үйретілетін елдің  әдебиеті, грамматика теориясы, ағылшын тілі лексикологиясы бойынша зерттеу жобаларын орындауы үшін оқу-зерттеу зертханасы жұмыс істейді, студенттердің орындалған жобалар бойынша презентациялары бар.


Қосымша материалдар