Ялта қаласында V халықаралық форум басталды

«Жаңа ұрпақ» бағдарламасы Ресей ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады және жас инноваторларға өздерінің әлеуетін ашуға көмектеседі. 70-тен астам жас қазақстандықтар «Жас ұрпақ» жобасының аясында өздерінің жобаларын ұсынады. Ресей президентінің жарлығымен 2011 жылы құрылған Ресейлік жоба әртүрлі елдердің, оның ішінде Қазақстанның өкілдеріне Ресей Федерациясының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-білімдік және мәдени өмірімен танысуға мүмкіндік береді.

1 маусым күні Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин қазақстандық жас ғалымдарымен кездесті. «Жас қазақстандықтардың осындай іс-шараларға қатысқандықтары өте маңызды болып саналады. Осылайша, тұтастай алғанда еуразиялық интеграция үшін өте маңызды тірек бола алады. Сіздер – жасампаз, қабілетті, өз ойлары бар жастарсыздар. Сіздерде Ресейден және басқа елдерден келген әріптестеріңмен талқылайтын көптеген қызықты ойларың бар» – деді Ресей Федерациясының төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин.

Дипломат қазақстандық жастарға «Жаңа ұрпақ» жобасының аясында Ресейге жасалған сапар ой-өрісті кеңейтуге және жаңа біліммен толысуға мүмкіндік беретінін айтты. «Осы байланыс үрдісінде сіздердің білімдеріңіздің артатынына мен сенімдімін. Сіздердің көзқарастарыңыздан, стартаптардан жаңа тиімді жобалар пайда болатынына сенімдімін» – деді Бородавкин өз сөзінде.

Бұл жоба шетелдік мемлекеттердің саяси, қоғамдық, ғылыми және іскери ортасының жас өкілдеріне бағытталған. Ресей Федерациясының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени өмірімен танысу елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында қысқа мерзімді сапарлар ұйымдастырылады. Жыл сайын 25-30 жас аралығындағы 70-ке жуық Қазақстанның жас ғалымдары Ресей аумағында өтетін ірі халықаралық іс-шараларға қатысады. Аталған жобаға қатысты Ялта қаласында өткізіліп жатқан V халықаралық форумға Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті Маликова Жанар Дәулетбайқызы қатысып, өз жобасын ұсынуда.