XIX ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басында Батыс Еуропа мәдениетіндегі тарихи реалиялар

2018 жылдың 5 желтоқсанында «Тарих» білім беру бағдарламасының ИК-16-01 тобының студенттерімен «XIX ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басында Батыс Еуропа мәдениетіндегі тарихи реалиялар» тақырыбында педагогика кафедрасының доценті Г.Б.Сулейменова ашық семинар сабағын өткізді. Семинар ойын әдістемесінің негізінде баспасөз конференциясы формасында өткізілді. Студенттер өнер сарапшылары мен сыншылары ретінде қатысты. Пабло Пикассо мен Сальвадор Далидің туындыларын талқылау ерекше пікірталасты туғызды. ХХ ғасырдың жаңашылдығының негізгі бағыттарына қатысты көп сұрақтар қойылды. Оқу баспасөз конференциясына «Тарих» мамандығының 4-курс студенттері және кафедра доценттері Джанпеисова Маржан Махметқызы мен Аубакирова Құралай Шаймарданқызы қатысты.