Springer Nature компаниясының деректер базасын ғылыми зерттеулерге пайдалану

2020 жылдың 15 қаңтарында Еуразия гуманитарлық институтының конференц-мәжіліс залында институт кітапханасы ұйымдастыруымен «Springer Nature компаниясының деректер базасын ғылыми зерттеулерге пайдалану» атты кезекті оқу семинары өтті.

Семинардың лекторы – Springer Nature компаниясының лицензиялы менеджері Ирина Алексеевна Александрова институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерін рейтингтік ғылыми журналдарда мақалалар дайындау және жариялау ерекшеліктерімен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай кездесулер институт оқытушылары мен қызметкерлерінің жариялау белсенділігін арттыруға бағытталған.