ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Игибаева Гауһар Рахымтайқызы, “Құқық” білім беру бағдарламасы бойынша Еуразия гуманитарлық институтының 1 курс студенті. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2019 жылы садақ атудан мықтылар арасында (қыздар) жеке біріншілікте Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Квалификацияда екінші орынға ие болды. Командалық біріншілікте Ақмола облысы командасының құрамында қола жүлдегер атанды.

Гаухар кәсіби спортпен шұғылдану ісін оқумен сәтті атқарады. 2019 жылы “Құқық” білім беру бағдарламасы бойынша ЕАГИ студенті болды. Жаттығулар мен жарыстар жоғары оқу орнында білім алу үшін Гауһарға кедергі келтірмейді. Ол өзінің болашақ заңгер мамандығын саналы түрде таңдаған.