ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2019 жылдың 11-12 сәуірінде өткен XI Республикалық студенттік пән олимпиадасында II орын алған 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының «Bright teachers» командасын құттықтайды. Олимпиада «SILKWAY Халықаралық университеті» базасында өткізілді.

Команданың жетекшісі – п.ғ.к., профессор Нұрбану Төкенқызы Нығыманова.

Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!