ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2019 жылдың 28-29 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен XI Республикалық студенттік пән олимпиадасында III орын алған 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының «Икигай» командасын құттықтайды.

Команданың жетекшісі – педагогика және психология магистрі, аға оқытушы Болатбекова Назгүл Жоламанқызы.

Жаңа жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Ректорат