ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жастар жылы аясында Астана қаласы жоғары оқу орындарының базасында өткен Универсиадада студенттер арасында ЮК-16-01 тобының студенті Шақпақов Азамат «Мерген атқыш» номинациясында жеңімпаз атанды және Ілиясұлы Қазбекпен бірге «Асық ату» жарысында екінші жүлделі орынды иеленді.

Институт ұжымы Шақпақов Азамат пен Ілиясұлы Қазбекті жүлделі орындарымен құттықтайды және оларға жаңа табыстар тілейді!