Тілеген Ахметов

Кең байтақ Отанымыздың түпкір-түпкірінде, әлеуметтік-экономиканың әр саласында білікті, бәсекелестікке төтеп бере алатын Еуразия гуманитарлық институты түлектерінің қажырлы еңбек етіп жатқаны баршамызға аян.

Осы институттың Диссертациялық кеңесінде ғылыми жұмысты қорғап, шапағатын көрген әріптестеріңіз ретінде институт басшылығына, ұжым мүшелеріне зор денсаулық, толағай табыс, отбасылық бақыт тілеймін.

Институттың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Сонымен қатар:
Інілерге арқалы аға болған,
Жәй емес, қымбат құндыз жаға болған.
Тайғанақтағандарға таға болған,
Жалғызсырағандарға пана болған,
Амангелді Құсайынұлы ағамыз
Жасы жүзге жеткенше,
Әрдайым аман болғай!

Тілеген Ахметов,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институтының проректоры