«Тіл шебері – 2018» республикалық байқауы

2018 жылдың 15 маусым күні Бурабайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жас мемлекеттік қызметшілерарасында «Тіл шебері – 2018» республикалық байқауын өткізді. Бұл байқаудың мақсаты үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау; тіл мәдениетін көтеру және үштілділікті насихаттау.

Осыған орай, Еуразия гуманитарлық институты Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Қосжанова Ақмарал Сағатбекқызы ғалымдар өкілдерінен құралған яғни, Назарбаев университетінің асс.профессоры, Қазақ тілі және түркітану департаменті өкілі Ағабекова Жазира Ағабекқызы, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытуды республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының терминология және ономастика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Исқақова Бақыткүл Дауытбекқызы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасының оқытушысы филология ғылымдарының магистрі Ілиясова Шынар Болатқызы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Исмағұлова Айнагүл Ерболатқызымен бірге қазылар алқасы құрамында қызмет атқарды.