Театрға бару

7 наурыз күні Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Ж.Т.Сүлейменованың жетекшілігімен «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды. Студенттер әлемдік балет классикасы саналатын  П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін тамашалап, үлкен әсерге бөленді. Өнер туындысын тамашалау студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастырып, топтың ұйымшылдығының артуына ықпал етті.