«Таза сессия»

Еуразия гуманитарлық институтында өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін орта құру бойынша профессорлық-оқытушылық және студенттік ұжымның арасында жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Қысқы сессия кезеңінде Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті «Таза сессия» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты тиімді түрде алдын-алуға бағытталған іс-шараларды күшейту, сонымен бірге университетте кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау, айыптау ахуалын қалыптастыру.

Сауалнамаға күндізгі бөлімнің 1-4 курстарда білім алатын 345 студенті қатысты.

ЕАГИ-де «Таза сессия», «Оқытушылар студенттердің көзқарасымен» акцияларын ұйымдастыру және өткізу бойынша штаб жұмыс істейді. Штабтың мүшелері сыбайлас жемқорлықтың көріністері туралы уақытында ақпарат берулері тиіс.

Қоғамдық қабылдау (101-каб., №2 оқу ғимараты), бірінші қабатта «Ұсыныстар, ескертулер мен тілектерге арналған жәшік» орнатылған, «Ыстық желі» сенім телефоны қызмет етеді: 56-20-09.

Оқу ғимаратының холында «Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша студентке ескертпе» баннері орналасқан, институттың сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие» айдары мен ректор блогы бар.

Тек осылай ғана біз сыбайлас жемқорлықты жеңе аламыз.