«ТАСҚЫНДА ТАУ СУЫНДАЙ КӨҢІЛ ЖЫРЫ» АТТЫ МҮШАЙРА

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты апталықтың аясында 22 қыркүйек күні «Тасқында тау суындай көңіл жыры» атты мүшайра өтті. ҚТӘ-14-01 тобының студенті Оразов Жомарт пен ҚТӘ-15-01 тобының студенті Қосылбекова Ақмаралдың ұйымдастыруымен өткен жыр додасына институтымыздың 9 студенті қатысты. Мүшайраның жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын анықтаған қазылар алқасы п.ғ.к., доцент А.Б. Шормақова, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дауренбекова және п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Алимбаевтар болды. Жүлдегерлер апталықтың жабылуында марапатталады.