«Тарих» мамандығының студенттері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткізілген бірқатар іс-шараларға қатысты

Саяси ғылымдардың докторы Бәкір Әбдіжалел Қошқарұлының Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты шығарған «Шоқай Мұстафа» атты 12 томдық шығармалар жинағымен таныстыру барысына арналған дәрісіне сырттай бөлімнің 4 курс студенті Оразбаев Біржан қатысты. Өзінің дипломдық жұмысын Мұстафа Шоқайдың саяси-қоғамдық қызметіне арнаған студент зерттеу жұмысына қатысты тың тарихи мәліметтермен танысты

Сонымен қатар осы Ұлттық академиялық кітапхананың аясында өткізілген академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Дала данышпаны атты» еске алу кешіне тарих мамандығының 3 курс студенттер і және оқытушы Қ.Ш. Аубакирова қатысты.