Оқуға түсушілерге арналған ақпарат

Еуразия гуманитарлық институты 2020-2021 оқу жылына оқытудың келесі бағыттары бойынша оқуға қабылдайды:

Бакалавриат

6В011 — «Педагогика және психология» (Педагогика және психология)

6В012 — «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» (Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту)

6В013 — «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» (Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі)

6В016 — «Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау» (Тарих)

6В017 — «Тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Қазақ тілі мен әдебиеті)

6В017 — «Тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау»  (Шетел тілі: екі шетел тілі)

6В023 — «Тіл және әдебиет» (Аударма ісі)

6В041 — «Бизнес және басқару» (Қаржы)

6В042 — «Құқық» (Құқықтану)


Педагогикалық мамандықтарға түсушілерге арналған арнайы емтихан.

Арнайы дайындықты қажет ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша оқуға қабылдау:

  • білім беру саласы – «Педагогикалық ғылымдар».
  • арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып өткізіледі.
  • түсушілердің құжаттарын қабылдау және «Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша түсушілерге арнайы емтихан өткізу 2020 жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында.

«Педагогикалық ғылымдар» білім саласына түсу үшін арнайы емтихан тапсыруға қажетті құжаттар тізбесі:

  1. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
  2. мөлшері 3 х 4 сантиметр 8 фотосурет;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. ҰБТ сертификаты (бар болса).

Жоғары білім беру гранты конкурсы

Институттың қабылдау комиссиясы 13-20 шілде аралығында жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлердің өтініштерін қабылдайды.

Жоғары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі:

  1. Белгіленген үлгідегі бланкте өтініш;
  2. Білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқа);
  3. ҰБТ сертификаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  4. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
  5. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

EAГИ-де сіз мынадай жеңілдіктерді ала аласыз:

  • Біздің институтта бір отбасынан екі немесе одан да көп студент оқыған кезде оқу ақысына 10% жеңілдік алуға болады;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектерге – 10%, жетімдерге – 20%;
  • Әр талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы сертификат және жеке құжаттары материалдары (күндізгі оқу) негізінде институттың білім гранты алу конкурсына қатыса алады;
  • Оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі қарастырылған, төлемді: ай сайын, тоқсан сайын бөліп-бөліп және т.б. төлеуге болады

Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша институттың қабылдау комиссиясына хабарласуға болады: +7 (7172) 56-22-00, +7 701 666 72 72, +7 701 167 89 71

e-mail: eagi_pk@egi.edu.kz, eagi.admission@mail.ru