Тәрбие ісі жөніндегі проректор

Проректор-по-воспит-работе

Оспанова Ярослава Николайқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, ЕАГИ профессоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Психология ғылымдарының халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі (Ресей)

2003 жылы  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті педагогика  және психология кафедрасының аспирантурасын бітірген. 2005 жылы  Колумбия  университетінде (Нью-Йорк, США) әлеуметтік жұмыс мектебінде стажировкадан өткен.

1998–1999 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.

2000–2002 жж. –  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті педагогика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2001 жылғы қыркүйектен бастап  Қазақстан жастарының Рим Папасы  II Иоанн  Павелмен кездесуін ұйымдастыру және студенттер арасынан волонтерлік топтар дайындауға жетекшілік еткен.

2003–2004 жж. – БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының балалар мен жастар үшін бағдарламалары шеңберінде жастарға достық қызметін көрсету бойынша ұлттық сарапшы.

2004–2006 жж. – БҰҰ  ЮНИСЕФ халықаралық балалар қоры жобасы шеңберінде жастарға достық қызметін көрсету клиникасының жетекшісі.

2004 жылдан бастап  – «Қазақ психологтер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі менеджерлер мен жаттықтырушылар институтының жаттықтырушы-педагогі.

2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Адам құқықтары уәкілеттігі жанында концультациялық кеңес төрағасының орынбасары.

2007–2008 жж. – Қазақстан-Ресей университеті тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.

2008–2012 жж. – Еуразия гуманитарлық институты тәрбие және әлеуметтік жұмыс орталығының директоры.

2009 жылғы қазаннан – «Қазақ білім академиясы баяндамалары » ғылыми журналының бас редакторы.

2012 жылғы қыркүйектен – Еуразия гуманитарлық институтының  тәрбие ісі жөніндегі проректоры.

1996 жылдан бастап жастарды саяси әлеуметтендіру, жеткіншектер мен жастар ортасындағы девиация, жастар ұйымдарының қызметі, азаматтық секторды дамыту мәселелеріне қатысты зерттеулермен айналысады.

ЖОО-лардағы жастар ісі жөніндегі комитеттер, студенттік қоғамдық бірлестіктер үшін нормативтік құжаттар, «Қазақстан – 2030» стратегиясын көпшілікке таныстыру мақсатында дебаттық турнирлер өткізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар, әлеуметтік бағдарланған отбасылық дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз бөлігімен жұмыс істеу, қоғамдастықтарды жұмылдыру бойынша волонтерлер дайындау жөнінде, қауымдастық көшбасшыларын дайындау, өзіндік және өзара көмек беру топтарын құру  жөнінде оқыту-үйрету бағдарламаларын әзірледі.

2001 жылдан бастап  жеткіншектер мен жастар ортасындағы девиация  мәселелері бойынша шеберлік сабақтары, тұлғалық жетілу, студент жастардың саяси құзыреттері, жауапты әрекет дағдыларын қалыптастыру бойынша семинар-тренингитер өткізіледі,  студенттер, жастар ұйымдары көшбасшылары, кураторлар үшін элективті курстар оқылады.

2000 жылдан бастап нашақорлық пен токсикоманияның тұлғалық бағдарланған әлеуметтік-педагогикалық алдын алу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. ПАВ заттарына тәуелділікпен жұмыс және жеткіншектер мен жастар арасындағы нашақорлық мәселелері бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жөнінде бағдарлама әзірленіп, мақұлданды.

2014 жылдан бастап «Нұр-Отан» ХДП жанындағы «Білім және ғылым» бағыты бойынша сараптау тобының, Украина Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясы Тәрбие проблемалары институты  «Мир личности» электронды журналы редакциялық алқасының мүшесі мүшесі болып табылады.

2015 жылы ҚР Президентіне кандидат  Н.А.Назарбаевтың сенімді өкілі болды. ҚР президентіне кезектен тыс сайлауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша ЕАГИ штабы жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін ҚР Президенті  Н.А.Назарбаевтың алғыс хатымен аталып өтті.

110-нан астам ғылыми мақала жариялады, оқу, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеп, жарыққа шығарды.

ҚР БҒМ-ның «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төс белгілерімен, бірнеше дүркін ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан жастары конгресінің, «Нұр-Отан» ХДП  «Жас Отан» ЖҚ-тың алғыс хаттарымен аталып өтті. 2005 жылы Қазақстан жастарына білім беруге қосқан үлесі үшін МЕҰ көшбасшылары үшін Бірінші республикалық «ТАНЫЛУ»  конкурсы шеңберінде «Қазақстанның әлеуметтік жаңашылы» атағы берілді.