Жастар ісі жөніндегі комитет

ЕАГИ Жастар ісі жөніндегі комитеті туралы

Студенттік жастардың қызығушылықтарын жан-жақты қолдауды ұйымдастыру, сонымен қоса, жастар саясаты саласында уәкілеттілікті жүзеге асыру мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитет құрылған.

Негізгі мақсаттары:

  • Студенттердің көшбасшы топтарының басқарушылық қабілеттерін дамыту.
  • Студенттің тұлғасын қалыптастыру, оның ішкі әлеуметтік дамыту, қоршаған ортаға деген мейірімділікке тәрбиелеу;
  • Студенттердің студенттік өзін-өзі басқару (студенттік жиналыстарға) жұмысына қатысуы, институттағы студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп шешім қабылдау;
  • Студенттік контингент арасынан көшбасшыларды анықтау;

Негізгі міндеттері:

  • Жастар саясатын уақытында жүзеге асыру бойынша шаралар әзірлеу;
  • Институтта, кафедрада, оқу топтарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу;
  • Азаматтық ұстаным қалыптастыру, саяси институттармен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту;
  • Интеллектуалды және шығармашылық потенциалдыәлеуметті дамыту, оқу, ғылыми және көркем қызметте студенттік жастардың өзін-өзі жетілдіруіне көмектесу;
  • Жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, жастар мәселелерін уақтылы шешу бойынша институттыңң қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
  • Инситуттың жастар мәселелерінің тәжірибелі және өзекті шешілуіне қатысты мәселелер жөніндегі жастар ұйымдарымен, жоғарғы инстанциялармен өзара әрекет ету.

Тырнахан Нұргүл Тырнаханқызы

Жастар іс іжөніндегі комитет төрайымы, педагогика ғылымдарының магистры

+7 (775) 218-43-18

Токушева Анира

Қазақ және орыс филолгия кафедрасының Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы.

ҚТӘ-17-01 тобының студенті

+7 (775) 607-34-81

Полиенко Алёна

Шетел тілдер кафедрасының Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы

ИЯ-17-01 тобының студенті

+7 (778) 488-08-94,  +7 (707) 720-99-62

Айткалина Данара

Құқықтық пәндер кафедрасының Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы.

ЮР-17-01 тобының студенті

+7 (700) 115-08-00

Айдар Аружан

Экономикалық-математикалық пәндер кафедрасының жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы.

Ф-17-01 тобының студенті

+7 (707) 555-13-06

Жұмағұл Мәдина

«Аяла» ұлттық би ансамблінің хореографы

ИЯ-16-01 тобының студенті

Мырзахмет Айгерім

«Күмбірле» домбыра ансамблінің жетекшісі

ИЯК-18-02 тобының студенті

+7 (747) 676-29-12

Қосылбекова Ақмарал

«Аққу» әдеби-шығармашылық ұйымының жетекшісі.

ҚТӘ-16-01 тобының студенті

+7 (708) 228-16-71

Рамазанова Жанна

Вокал үйірмесінің жетекшісі.

ИЯК-17-01 тобының студенті

+7 (778) 362-58-92

Батырбалинов Бауыржан

«Dep sleep» вокалды-аспапты ансамбль жетекшісі

ПД-18-01 тобының студенті

Даурен Арманбек

«EAGI life» КТК командасының капитаны
ҚТӘ-16-01 тобының студенті

+7 (778) 966-39-07

Жастар ісі жөніндегі комитет

Жастар ісі жөніндегі комитет институттың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жастар ісі жөніндегі комитет оған жүктелген басқару саласының жағдайы мен институттың жастар құрылымы қызметтерінің тиімділігі үшін ректорат алдында жауап береді.

Жастар саясатын жүзеге асыру және оны толығымен іске асыру үшін шараларды әзірлеп, институтта, топтарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен жетілдіруге қатысып, студенттік ұжымдарда шығармашылық ортаны, бір-біріне көмекке келу атмосферасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жастар санасына отаншылдықты, рухани-адамгершілікті сіңіре отырып белгілі бір бағыттар бойынша байқауларды, конкурстарды ұйымдастырады. Студент жастар арасындағы құқық бұзушылық, жемқорлық іс-әрекеттер мен діни экстремизмге қарсы алдын алу іс-шараларын, қоғамдық-саяси, адамгершілік, этно-мәдени және салауатты өмір салтын насихаттайтын кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Қазақ және орыс филологиясы, шетел тілдер кафедраларымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шараларды өткізу Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі міндеті мен атқаратын қызметі болып табылады.

Студенттер мен оқытушылар құрамы арасында азаматтық-құқықтық және құқықтық тәрбие бойынша іс-шаралар өткізуге, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге, ел бірлігін нығайту жөніндегі шараларды өткізуге, студенттер мен оқытушылар құрамы арасында өзіндік таным мен өзіндік дамудың қажеттілігін, тұлғаның,  әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттерін, коммуникативті мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар, студенттер мен оқытушылар құрамы арасында экологиялық, дене тәрбиесі бойынша денсаулық сақтау ортасын, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас мамандардың оқу уақытындағы өтілін және жұмысқа орналасуын, еңбек және экономикалық тәрбиесін ұйымдастыруда негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Жастар ісі жөніндегі комитетке Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, Жастар ісі жөніндегі комитет орынбасары, кафедралар ЖІК-інің төрағалары, комитет бөлімшелерінің жетекшілері кіреді. Институттың Жастар ісі жөніндегі комитетінің жалпы жұмысын төраға жүзеге асырады.

ЕАГИ ЖІК-інің құрамы және олардың міндеттері төмендегідей: 

Әлеуметтік-ұйымдастыру секторы – мәдени іс-шараларды өткізу негізінде, техникалық құралдармен қамтамасыз етуді қадағалау, осы бағытта барлық іс-шаралардың ұйымдастырылуын қадағалау. Сахнаны дайындау, қатысушыларды ұйымдастыру.

Мәдени-бұқаралық сектор – сценарийге мәліметтерді іріктеу. Іс-шараларға сценарий құру. Дарынды жастарды анықтау.

БАҚ секторы – ЕАГИ студенттері қатысатын барлық жоғары оқу орындар аралық (институтішілік) және қалалық іс-шараларды ақпараттандыру; «Жас ұрпақ» газетіне мақалалар жазу және редакциялау; ЖОО-ға қаланың БАҚ шақыру, egi.kz сайтына ақпараттар дайындау.

Спорт үйірмесі – спорттық іс-шараларды ұйымдастыру. Спортшыларды және құрама командаларды дайындау; спорт екцияларын құру; спортқа бейім студенттерді анықтап, қала, институтішілік жарыстарға (волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі) дайындау.

ЕАГИ-дің КТК құрама командасы «EAGI life» – КТК ойындарын ұйымдастырып, жастардың осы бағытта ізденіп, шығармашылық өсуіне көмек көрсетеді. Қалалық, ЖОО аралық, аумақтық және республикалық жайдарман ойындарына қатысу.

«Поэзия, сен менімен егіз бе едің?» әдеби-танымдық үйірме – әдеби шығармашылыққа (әдеби-музыкалық қойылым, айтыс, мүшайра) бейім студенттерді біріктіріп, ізденістеріне жол ашуға бағыт-бағдар беруге қажетті орта қалыптастыруға үлес қосады. Осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырады.

«ЕАГИ – виктория» пікір-сайыс клубы – жастардың азаматтық көзқарасын, интеллектуалды өсуіне жағдай жасап, пікір-сайыс турнирлерін ұйымдастыруға көмектеседі.

«Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігі – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы және ана тілді құрметтеуге байланысты насихаттау жұмыстарымен айналысады, осы бағыттағы іс-шараларға жетекшілік жасайды, студент жастардың шығармашылығын дамыту ісін жүзеге асырады. 

«Golden time» вокалды инструменталды ансамблі – түрлі музыкалық аспапта ойнайтын өнерлі жастарды дайындап, мерекелерде өз өнерлерін көрсетеді.

«Шаттық» би ансамблі – қалалық және институтішілік, ЖОО арасындағы мерекелік іс-шаралар мен жарыстарға түрлі ұлттар биін дайындап,  мерекелік бағдарламаларға қатысады.

«Серпер» домбыра ансамблі – ұлттық музыкалық аспаптарда ойнайтын студенттерді даярлап, түрлі іс-шараларға қатысады.

Заманауи би студиясы – заманауи би түрлерімен қоса шығармашылық жолға қадам басқан студенттерді заманауи би түрлеріне баулып, қалалық, республикалық жарыстарға дайындайды.

ЕАГИ ЖІК-інің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі мерекелік іс-шаралар қатарында «Студенттерді қабылдау» атты салтанатты мерекелік рәсімді, «Жаңа белес» бүкіл қалалық ЖОО студенттерінің студенттік қабылдау мерекелік кешін, «Биле! Биле!» атты кафедра оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен өткізілетін би байқауын, «Халықаралық студенттер күні», «Студенттік көктем «Жастар жалыны» атты қалалық шығармашылық фестивалі, «Жігіт сұлтаны», «ЕАГИ аруы», «ЕАГИ сұлтаны мен сұлуы» атты әсемдік сайыстарды, «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік бағдарламасын, ректор кубогі үшін «Жайдарман», волейбол, баскетбол жарыстарын атап өтуге болады.

Жастар ісі жөніндегі комитет талантты, жалынды жастардың басын біріктіріп, шығармашылығын дамытуға көмек көрсетеді. Біз – Қазақстанның болашағымыз! Бізді таңдап, ортамызға қосыл және жан-жақты дамыған тұлға, көшбасшы бол!