Студенттік парламент

Студенттік парламент – студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттік тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, студенттік жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған студенттердің ынталы дербес қоғамдық қызметінің формасы.

Студенттік Парламент жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

  • жастар саясатын жүзеге асыру және оны толық іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу;
  • студенттердің институттың профессорлар-оқытушылар құрамымен және әкімшілігімен кері байланыс орнатуы;
  • институт студенттерінің корпоративтік мәдениетін қалыптастыру;
  • жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын жүзеге асыруға ықпал жасау;
  • студенттердің мәдени демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар білім беру форумдарына, конкурстарға, әлеуметтік мәні бар жобаларға, түрлі студенттік бірлестіктерге тікелей қатысу;
  • жастар мәселелерін уақытында шешу үшін жастар саясатын жүзеге асыру бойынша институттың қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және академиялық адалдық принциптерін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу.