Студенттер «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне саяхатқа барды

2018 жылдың 14 сәуірінде ЮК-16-01 тобының кураторы Г.А.Канафинаның жетекшілігімен, топ студенттері және академиялық ұтқырлыкпен келген студенттер, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне саяхатқа барды.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризмнің құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне бара отырып, студенттер жазықсыздан жазықсыз жапа шеккен жандардың тауқыметті тағдырларын өз көздерімен көріп, сол замаңға барып қайткандай әсерде қалды.