Сайлаубекова Дана

Сайлаубекова Дана Дәулетқызы, Астана қаласы «Қазмедиа» АҚ-ы «Хабар» телеарнасы бағдарламалар бөлімінің редакторы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2015 жылғы түлегі

«Жастардың терең білімі – жарқын болашақтың кепілі»
Н.Ә.Назарбаев

ЕАГИ-де білім алғаныма әркез мақтанамын. Оқу ордасы қашан да жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлауы мен студенттерді ғылыми ізденіске жетелеуімен ерекшеленеді. ЕАГИ білім берумен қатар, ой-танымың мен көкжиегіңді кеңейтіп, ғылыми ізденістерге жол ашатын еліміздегі жоғары оқу орындары арасындағы беделді институт. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру – институттың басты қағидасы, бұған 2011-2015 жылдары аралығында білім алып, тұлға ретінде толысқан, мол рухани тәжірибе жинақтаған кездерім кепіл бола алады.

Білімін шәкіртінен аямаған білікті ұстаздар қауымына шексіз алғыс білдіре отырып, институтымыздың өркен жайып өсе беруіне тілектеспін.