Сабиев Кенжегара

Сабиев Кенжегара – 2011 жылы қазанда педагогика кафедрасына қарасты құрылған «Тұран» студенттік ғылыми үйірмесінің алғашқы мүшелерінің бірі болды. «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2013» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясының ІІ орын иегері атанды. 2014 ж. сәуірде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен VI республикалық пәндік студенттік ғылыми олимпиадасында институт атынан барған «Жас Алаш» тобының мүшесі ретінде ІІ орын иегері атанды. 2014 жылы 1 қыркүйекте «институттың үздік студенті» марапатына ие болды. 2015 жылы  сәуірде Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде өткен VII республикалық пәндік студенттік ғылыми олимпиадасының ғылыми жоба бойынша І орын иегері атанды. «Ғылым және жаңа ұрпақ-2015» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттер мен магистранттардың конференциясында «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағындағы депортациялар» атты мақаламен І орын иегері атанды. 2015 жылы жоғары оқу орнын қызыл дипломмен аяқтады.