«СҮЙЕМІН ТУҒАН ТІЛДІ – АНАМ ТІЛІН»

Қыркүйектің 21 жұлдызында Қазақстан халқы тілдері күніне және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Кеш барысында институтымыздың проректоры т.ғ.д., профессор Қ.Ә.Ахметов көпшілік қауымды мерекемен құттықтап, еліміздегі тіл саясатына қатысты ұтымды пікір білдірді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ән мен күйден шашу шашты.