Құрметті талапкерлер!

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ) ұзақ жылдар бойы еңбек нарығын кәсіби қызметтің заманауи жағдайында жұмыс істеуге дайын құзыретті мамандармен қамтамасыз етіп, өзін сенімді жоғарғы оқу орны ретінде көрсетті.

Біз сіздердің болашақтарыңыздың жарқын болуын қалаймыз. Ондай ізгі мақсатқа қол жеткізудің даңғыл жолы – армандаған мамандықтарыңызды алып шығуларыңызға қалтықсыз әрі сапалы қызмет көрсететін жоғары оқу орнын қателеспей таңдау. Осы ретте 2023 жылғы талапкерлерге А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына қош келдіңіздер демекпіз!

ЕАГИ – елордадағы аккредиттеуден өткен жоғары оқу орны. ЕАГИ –дің білім беру бағдарламалары жыл сайын ҚР ҒЖБМ мен «Атамекен» ҰКП-тың жағымды рейтингіне ие болуда. ЕАГИ-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу жақсы дамыған, біздің студенттеріміздің Түркия, Эстония, Ресей, Әзірбайжандағы және т.б. шетелдік, сонымен қатар қазақстандық ЖОО-ларда да білім алуларына мүмкіндігі бар.

ЕАГИ ҚР-дың Білім беру мекемелері қауымдастығына, Орталық Азия менеджментті дамыту қорына кіреді; Қазақ психологтер қауымдастығымен, Балаларды қатыгездіктен қорғау ұлттық қорымен (Мәскеу, РФ), «SOS Қазақстандағы балалар ауылы» корпоративті қорымен ынтымақтасады; Қазақстандық жас заңгерлер қауымдастығы және Жастар парламенті қызметін қолдап отырады.

ЕАГИ Жоғары Бизнес және Басқару институтының сараптау кеңесінің шешімімен (Женева, Швейцария) Мүлтіксіз іскерлік беделі үшін алтын медалімен марапатталған.

ЕАГИ – Ресей, Франция, Германия, Болгария, Украина, Түркия, Эстония мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарымен жақсы әріптестік қатынас орнатқан.

ЕАГИ-де ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері оқытылады.

ЕАГИ студенттері ҚР Президенті стипендиясының иегерлері, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу конкурстарының, түрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары және волонтерлік қозғалыстың белсенді қатысушылары.

ЕАГИ-де оқу үдерісі күндізгі оқу нысанында, сондай-ақ қашықтықтан білім беру нысанында жүзеге асырылады. Институтта заманауи жабдықталған Қашықтықтан білім беру орталығы жұмыс істейді. Жаңа студенттік жатақханасы, студенттерге қызмет көрсету орталығы, асханасы мен буфеттері, спорт залы мен медициналық пункті т.б. бар.

ЕАГИ кітапханасы білім алушыларға сапалы қызмет көрсетеді. Оқу ғимараттары қажетті материалдық-техникалық құралдармен жақсы қамтылған.

ЕАГИ-де жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді.

Құрметті Талапкерлер, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты сіздерді күтеді!

А. Исмаилов,
ректор,
психология ғылымдарының кандидаты, профессор