Ректорға сұрақ

Сұрақ: Қайырлы күн! РФ азаматтығымен және техникалық біліммен Сібір мемлекеттік университетінің Аэрокосмостық колледжін бітіру туралы дипломмен ЕАГИ-ге оқуға түсуге бола ма? Мамандықтар әртүрлі екендігін білемін, бірақ ЕАГИ-де оқығым келеді. Егер бұл мүмкіндік болса, оқуға түсу үшін, қандай емтихандар мен құжаттар қажет? Уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет! Жауап күтемін.

Жауап: Сәлеметсіз бе, Наргиз! Біздің ЖОО-ға оқуға түсу үшін Сіздің нострификациядан өтуіңіз қажет және Сіздің білім беру туралы құжатыңыз расталуы қажет. Осыдан соң, Сіз құжаттарыңызды институттың қабылдау комиссиясына тапсыра аласыз. Сіздің кешенді тестілеуден өтуіңіз керек.

Академиялық дәреже мен біліктілікті растау басқармасы мына мекенжайда орналасқан: 010000, РК, г. Астана, пр. Кабанбай Батыра, 28, офис № 4.

Толық ақпаратты институттың қабылдау комиссиясында ала аласыз. Тел.: 8775-159-98-54