ПРОФЕССОР Ж.Ә. АЙМҰХАМБЕТ ДӘРІС ОҚЫДЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” және “Ұлы Даланың жеті қыры” бағдарламалық мақалаларының аясында Еуразия гуманитарлық институты 5В011700 – “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының 4-курс студенттеріне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, ҚР БҒМ “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісінің,
Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, Қырғыз Республикасы Тоқтағұл Сатылғанов қорының “Тоқтағұл – 150” медалінің иегері Жанат Әскербекқызы “Әдебиет теориясы” пәнінен дәріс оқыды.

Студенттер әдебиеттану ғылымы жайлы, көркем шығармадағы автор мен кейіпкер мәселелер төңірегіндегі жаңаша пайымдаулардан хабардар болды.