Профессор Мақсат ҚАСЕН Scopus Award 2018 беделді халықаралық сыйлығының марапатына ие болды

2018 жылдың 13 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтының профессоры Мақсат ҚАСЕН ғылым саласындағы жетістіктері үшін Scopus Award беделді халықаралық сыйлығының марапатына ие болды. Сыйлық жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінде ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін көрнекті ғалымдарға беріледі. Биылғы жылы біздің еліміздің тәуелсіздігінің тарихында тұңғыш рет марапаттау рәсімі Қазақстанда өтті.

Scopus және Science Direct сияқты ғылыми дәйектелген беделді ғаламдық жүйелерге жетекшілік ететін және әлемдегі ең жоғары импакт-факторлы академиялық журналдардың басым бөлігін бақылайтын әлемге әйгілі ағылшын тіліндегі «Эльзевир» (Elsevier) баспасы (бұл барлық дерлік ғылыми салалардағы 2500-ден аса ағылшын тіліндегі жоғары дәйектелетін журналдар) салтанатты рәсімнің негізгі ұйымдастырушысы болды. Бұл іс-

шараның мақсаты ғылымды алға жылжытатын ғалымдарды қолдау және олардың ішінен өз саласында қолданбалы зерттеулерге үлкен үлес қосқан, сондай-ақ Хирш жоғары индексі барлардың (дәйектеудің халықаралық индексі h-index) еңбегін халықаралық тану болды.

Осыған байланысты ғылымға қосқан үлесі үшін номинациясы бойынша 2018 жылға арналған Scopus Award беделді халықаралық сыйлығы біздің ғалым профессор Мақсат ҚАСЕНге шетелдік ғалымдардың өз еңбектерінде жиі сілтеме жасайтын импакт-факторы бар халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдарының жоғары дәйектелгені үшін ұсынылды. Осылайша, Хирш индексі белгілі бір ғалымның ғылымға қосқан үлесі мен әлемдік ғылыми қоғамдастықта оның еңбектерін халықаралық танудың ғаламдық математикалық көрсеткіші болып табылады.

Салтанатты шараға танымал ғалым-академиктер, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, Болашақ халықаралық бағдарламасының директораты, әлем университеттерінің беделді халықаралық рейтинг агенттігі Times Higher Education және QS (Ұлыбритания) басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірқатар үкімет органдары мен ұлттық агенттіктерінің басшылары шақырылды. Шақырылған қонақтарға халықаралық ғылыми сыйлық беру рәсіміне дейін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Elsevier баспа үйінің басқарушы директоры Тайфун Башал, Scopus директоры Кун ван дер Крогт (Нидерланды), Elsevier Central Asia аймақтық директоры Алия Оспанова және іс-шараның басқа да құрметті қатысушылары құттықтау сөз айтты.

2018 жылға арналған Scopus Award сыйлығының иегері туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат

Профессор, саясаттану ғылымдарының кандидаты Мақсат ҚАСЕН сенатор Фулбрайт атындағы (АҚШ) халықаралық ғылыми сыйлық грантының стипендиаты. Ол Иллинойс университеті және Оксфорд университеті сияқты шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті. 40-тан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде жоғары импакт-факторы бар журналдарда, сонымен қатар Rowman&Littlefield (Нью-

Йорк, АҚШ) және Routledge (Лондон, Ұлыбритания) сынды бүкіл әлемге танымал ғылыми баспаларда ағылшын тілінде жарық көрген екі кітап-монографияның авторы. Сонымен бірге, Мақсат АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды және әлемнің басқа елдерінде импакт-факторы жоғары бірқатар халықаралық ғылыми журналдардың тәуелсіз сыртқы рецензенті